АҚШ президенті Дональд Трамп Түркияның Ресейден С-400 әуе қорғанысы жүйесін сатып алуына байланысты пікір білдірді.
«Олар өте қиын жағдайда. АҚШ-та өте қиын жағдайда. Біз қазір осы мәселе бойынша жұмыс істеудеміз. Түркия мен Ресей арасындағы келісім әділетсіз. Анкара жүз F-35 ұшағына тапсырыс берген. Бірақ олар бұдан әрі бұлай істей алмайды» - деп мәлімдеді Трамп.
АҚШ президентінің сөзінше, Түркия бұған дейін америкалық «Patriot» әуе қорғаныс жүйелерін сатып алуға ниетті болған. Бірақ Барак Обама әкімшілігі Анкараның бұл бастамасын қараусыз қалдырған.
Ресей шілде айының 12-і күні Түркияға С-400 жүйесінің алғашқы легін жеткізген. Осы уақытқа дейін Мюртед әуежайына С-400 бөлектері тиелген 13 ұшақ келіп қонған.
АҚШ пен Түркия қарым-қатынасы Анкара мен Мәскеу арасындағы келісімнен кейін ушыққан. Уашингтон Түркияның Ресейден С-400 жүйесін сатып алуына қарсылық білдіріп, аталмыш жүйенің НАТО стандарттарына сәйкес келмейтіндігін алға тартқан. Бірақ Анкара АҚШ-тың бұл уәждеріне құлақ аспай, С-400 жүйесін тек қорғаныс құралы ретінде пайдаланатын мәлімдеген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?