Үкімет отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасына қатысу талаптарын сынға алып, кей бөлімдерін өзгертуді міндеттеді.
Мемлекеттік қызметкер білім алу мақсатымен уақытша шетелге кеткенде оның лауазымына екінші адам небәрі бір-ақ жылға тағайындалады. Сонымен қатар, елдегі Білім және ғылым мен Ұлттық экономика министрліктерінде вице-министрлердің аталған бағдарлама аясында өз қызметтерін тастап кеткендері көп. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарламаны қайта қарап, талаптарын өзгертуді тапсырды.
Мемлекет басшысы сөзінде: «Мұндай мысалдар аз емес, төмен деңгейдегі бірнеше мекемеде де осындай жағдай болған. Қызметкерлер басшысына келеді де, «мені «Болашақ» бағдарламасымен оқуға жіберіңіз» – дейді. Ал оның орнына басқа біреу уақытша отыра тұрады. Бұл мемлекеттік қызмет емес. Сабақтастық қайда, қызметкерлердің институционалдық зердесі қайда? 45 жастан кейін қайдағы «Болашақ» бағдарламасымен оқу? Президент Әкімшілігі бағдарламаға қатысу талаптарына өзгеріс енгізуі тиіс. Саяси қызметшілер өз білімін жетілдіруге құқылы. Бірақ мемлекет есебінен емес, бос уақытында өз қалауымен айналысқандары жөн», – деді.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап