Душанбедегі мәдени мұра және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі Орталық Азия университетінде өзіне қол жұмсау бойынша 30 жылға созылған зерттеу нәтижесі жарияланды.

Америкалық Хьюстон-Даунтаун университетінің оқытушысы Шахназ Савани сөзінше, әлемде жылына 1,5 миллион адам өз-өзіне қол жұмсайды. Оның 76 пайызы табысы орта және төмен елдерде жасалса, 60 проценті Азия елдерінде орын алады.

Орталық Азияның өзге елдерімен салыстырғанда Қазақстанда өзіне қол жұмсайтындар саны көп (48,1 пайыз). Бұл көрсеткіш Түркіменстанда 15,8 %, Өзбекстанда 13,6 %, Қырғызстанда 13,4 %. Тәжікстанда - 7,2 %.

"The Qazaq Times"