Данияның балалар істері және білім министрі Пернилле Розенкрантц-Тайль әлеуметтік желілерде танымал блогерлердің жазбаларын реттеуді ұсынды, – деп хабарлайды ВВС.
Жақында Данияда 336 мың оқырманы бар танымал блогер Фие Лаурсен өзінің «Instagram» парақшасында суицид туралы жазба қалдырғаннан кейін, ел билігі осындай шешімге келді. Пернилле Розенкрантц-Тайль Twitter парақшасында: «Біз әлеуметтік желілердегі балаларымыз бен жастардың, жалпы барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Сол үшін біз БАҚ этикасы әлеуметтік желілердегі ірі профиль иелеріне де қатысты болуына ұмтылуымыз керек. Ал парақша иелеріне редакторлық жауапкершілік артылуы тиіс. Адамдардың әлеуметтік желілердегі оқырман саны белгілі бір деңгейге жеткен кезде олардың жауапкершіліктері газеттің редакторы немесе дәстүрлі БАҚ өкілдерімен бірдей болуы керек», – деді.
Өз-өзіне қол жұмсау жайлы жазған Лаурсеннің жазбасына 30 мыңнан астам адам лайк басып, 8 мыңнан астам адам пікір қалдырған. Кейіннен блогердің отбасы аталған жазбаны өшіріп, оның жағдайы тұрақты, қазір ауруханада екендігін жеткізді. Дания үкіметі блогерлерге қатысты ұсынысты мақұлдаса, оқырмандар саны көп танымал адамдардың профильдерін бірнеше администраторлар қадағалайтын болады. Егер блогер ережені бұзса, оның жазбасы өшіріледі. Тіпті, заң алдында жауап беруі де мүмкін.


















Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі