Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар Ата заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасының екінші әрі соңғы мәрте оқылуында, ел билігін Укімет, Парламент, Президент арасында үлестіру туралы шешім қабылдады деп хабарлайды bbc.com.
Дүйсенбіде елді саяси басқарудағы президент билігінің бір бөлігін Парламент пен Үкіметтің құзырына беру туралы өзгерістер енгізілді.
Ендігі Үкімет мемлекеттік бағдарламалар, бірыңғай қаржыландыру жүйесі, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын барлық мекемелердегі қызметкерлердің жалақысы және басқа да мәселелерге байланысты шешімдер қабылдау мен жарлықтар шығаруға толықтай құқылы.
Сонымен қатар, бұл заң жобасы Мәжілістің құзырын кеңейтіп, үкіметтің құрылымына араласуға және Парламенттің министрлер кабинетіне бақылау жасап, басқаруына мүмкіндік береді.
Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіровтың айтуынша: "Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалыптастырған республиканың қызмет принціптерін сақтау туралы Конституцияға өзгертулер енгізілді".
2016 жылдың желтоқсан айында Нұрсұлтан Әбішұлы арнайы комиссияға ел басқарудағы Президенттік билікті Үкімет пен Парламенттің құзырына да үлестіру туралы мәселені қарастыруға тапсырма берген болатын. Өзгеріс енгізілгеніне қарамастан, Қазақстан президенттік басқарудағы мемлекет болып қалатындығын атап өткен .
“The Qazaq Times”