Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанның көңіл айту жеделхаты келіп түсті.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, жеделхатта: «Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан адамдардың зардап шеккендері туралы ақпаратты зор күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының ауыр қайғысына ортақ екенімізді білдіремін. Түрік халқының және жеке өзімнің атымнан қымбатты бауырым Сізге, бауырлас қазақ халқына, қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамын», – делінген. Сонымен қатар, Түркия басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Еске сала кетейік, 24 маусымда Арыс қаласындағы әскери қоймалардың бірінде жарылыс болған. Салдарынан үш адам қаза тауып, 165 адам медициналық көмекке жүгінді. Қазіргі уақытта Арыстағы әскери бөлімше аумағындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстар тыйылған. 28 маусымнан бастап Арыс жұрты үйлеріне қайтып жатыр.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті