Батыс және Орталық Еуропада елдерінде күннің қатты ыстығы апатты жағдай ретінде қаралуда. Кешегі күннің өзінде Франция, Испания және Португалия елдерінде жоғары температура рекордтық көрсеткішке жеткен. Биылғы маусым айы Еуропаның көп елдерінде тарихта тым сирек болған аптап ыстыққа тап болды.
Ауа райын болжаушылар Еуропаның биылғы жазы 2003 жылдан бергі ең ыстық жаз болатынын ескертіп жатыр. 2003 жылы жазда ( маусым мен тамыз айларының арасында) Еуропадағы аптап ыстықтан неше он мыңдаған адам жуық адам көз жұмған еді. Оның үстіне биылғы ауа райының өзгерісі тым тез болғандықтан, адамдар адаптацияға үлгіре алмай қалатындықтан, зардап шегетіндер тіпті де көп болуы мүмкін деген болжамдар да бар.
Потсдам университетінің климатологы Стефан Рамшторф өзінің әлеуметтік желі парақшасында: "2003 жылғы аномалды ыстық ауа райынан Еуропада 70 мың адам көз жұмған еді.... Германияда былтырғы апатты жағдайдан мыңнан астам адам мерт болған", – деп жазды.
Климатологтардың болжамына сенсек, ертең Мадрид қалаларында ең жоғары температура тіркелмек. Франция мен Испанияның кейбір аймақтарында ауа температурасы 39-40С° болмақ. Ауа райын зерттеуші мамандар Еуропадағы ауа райы өзгерісі Сахара шөлінен келген жылы ауа ағысының әсерінен екенін айтуда.