Грузия әуе компаниялары 8 шілдеден бастап Ресей аумағында ұшпайды. Бұл туралы РФ Көлік министрлігі хабарлады.
Мәліметтер бойынша, әуе қатынасының тоқтауына әуе қауіпсіздігі мәселесі және «Әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі мемкорпорация» ФМУК алдындағы аэронавигациялық қызмет үшін қарыздың артуы себеп болған. «Georgian Airways» және «MyWay Airlines» компаниялары әуе қауіпсіздігі бағдарламасын ұсынып, қарызды өтеп біткенге дейін тыйым салу туралы шешім өз күшінде қалмақ. Грузияның аэронавигациялық қызмет үшін қарызының жалпы сомасы $793 мыңға жеткен. Ал 2008 жылдан бері 592,2 мың рубль төленбеген.
21 маусымда Ресей делегациясының Православие парламентаралық Бас ассамблеясына қатысуына байланысты Тблисиде жаппай наразылық өткен болатын. Делегацияны басқарушы және АСМ басшысы РФ мемлекеттік думасының депутаты Сергей Гавриловтың сессия кезінде Грузия парламенті спикерінің креслосына отырып, жиналғандарға орыс тілінде сөйлегені оппозицияның наразылығын тудырған. Грузияның оппозициялық депутаттары мұны қорлау деп бағалап наразылықтарын білдіріп, Бас ассамблеяның жұмысын тоқтатты. Елдің Ішкі істер министрі Г.Гахария шерушілерді полцияға бағынуға шақырғанмен, нәтиже болған жоқ. Кейіннен РФ мемлекеттік думасының депутаты С.Гаврилов және басқа да Мемлекеттік думаның депутаттары Тбилисиден ұшып кеткен. Дәл осы күні Ресей президенті Владимир Путин Грузия әуе қатынастарының Ресей аумағында ұшуына тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді