Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымның саммитінде Парсы шығанағының дағдарысы да талқыға салынды. Иран президенті Хасан Рухани Құрама Штатты халықаралық ережелерді бұзды деп айыптады және Иранның экономикалық мүдделерін қолдауға шақырды. Пәкістан премьер-министрі Имаран Хан Парсы шығанағындағы қауіпсіздік жағдайынан алаңдайтынын айта келіп, АҚШ-Иран дағдарысын дипломатиялық жолмен шешуді ұсынды.
ШЫҰ-ның саммитінде Ресей президенті Владимир Путин де Иран-АҚШ дағдарысы туралы тоқталып, АҚШ-тың ядролық келісімнен бар тарапты шығып кетуі аймақтағы тұрақсыздықты арттырып қана қоймай, Иранмен болған ядролық келісімді бір жолата тоқтатуы мүмкін екенін ескерткен.
Бұл саммитте президент Хасан Рухани Қытай басшысы Ши Жинпиіңмен де кездесіп, Бейжіңнің қолдауына ие болды. Қытай халықаралық жағдайлардың өзгергеніне қарамастан Иранмен қол қойған келісімді сақтайтынын, екіжақты қарым-қатынасты дамыта беретінін айтты.
Иран президенті Бішкектегі саммитте Парсы шығанағындағы дағдарсты шешу туралы өз ұсыныстарын да жеткізген. Шиеленісті санкция немесе соғыспен емес, келіссөз диалог арқылы шешу керек деген пікірін айтқан. Сондай-ақ, ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшелерінен Иран экономикалық мүддесін қорғауды сұраған.
Иран мен АҚШ арасындағы қайшылықтың артуына байланысты Шанхай ынтымақтастық ұйымы да үлкен сынға тап болды деуге болады. Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болмағанымен, ұйымдағы ең ықпалды Қытай мен Ресейдің қолдауына ие болған. Әрі, аталған ұйымға мүше болуға өтініш берген елдердің бірі. Иранның аталған ұйымға мүше болуы ұйымның салмағын арттырып, ықпалын кеңейтеді. Алайда, құрамындағы Қазақстан секілді бейбіт және көпвекторлы саясатты жақтаушы елдер үшін тиімсіз болады.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді