Шанхай Ынтымақтастық ұйымының қатарына тағы бір ел қосылады. Иран Ислам Респуликасы аталған ұйымның жаңа мүшесі болмақ. Бұл туралы Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Али Шемхани өзінің Twitter-де жасаған мәлімдемесінде Иранның аталмыш ұйымға мүше болуына соңғы саяси кедергінің жойылғанын, аздаған техникалық процестерден кейін ресми мүшелікке өтетінін жазған.
Бұл мәлімдемесінің алдында Шехмани ресейлік әріптесі Николай Патрушевпен телефон арқылы сұхбаттасқан. Олар сөйлесу кезінде Ауғанстан, Сүрия және Парсы шығанағы мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Иранның ШЫҰ-на мүше болуы туралы ортақ пікірге де келген.
Айта кетейік, ШЫҰ ең алғаш 1996 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның қатысуымен «Шанхай бестігі» болып құрылды. 5 жылдан кейін қатарына Өзбекстанды қосқан бестік ендігі жерде «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» деп аталды. Ұйым өзінің қатарын біртіндеп кеңейтті. ЭКСПО-2017 қарсаңында елорламызда өткен саммит кезінде ұйымға Үндістан мен Пәкістан қосылып, төрт бірдей ядролық держава қатысқан ықпалды ұйым ретінде көріне бастады.
Дегенмен, ынтымақтастық ұйым мүшелері арасында мүдделік ортақтық әлі де төмен деңгейде. Соңғы жылдары үнді-қытай қатынасы шиеленісіп, Үндістанның ұйымдағы болашағы бұлдыр бола түсті. Иранның жаңа мүшелікке қабылдануы Қазақстанды қамтыған ұйымды түрлі тәуекелдерге тігуі бек мүмкін.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?