Мамыр мен маусым айларында Парсы шығанағында мұнай тасыған танкерлерге шабуыл жасалды. Құрама Штаттар жүк кемелеріне жасалған шабуылға байланысты Иранды айыптап, шығанақ маңындағы әскери базаларында қауіпсіздік шараларын күшейткен еді. 13 маусым күні Сауд Арабиясына тиесілі 2 танкерге шабуыл жасалды.
Парсы шығанағында танкерлерге шабуыл жасау әрекеті Жапония премьерінің Иран сапарымен тұспа тұс келді. Иран премьер-министрі Шинзо Абе Иран рухани көсемі Хомейнимен кездесу алдында ғана танкерлерге шабуыл жасалғаны турлы хабарды естіген. BBC хабарында шабуылға ұшыраған танкерлер Сингапурға және Тайуанға бара жатқаны айтылады. Алайда, Түркияның ақпарат құралдары мұнай тасыған кемелердің Жапонияға бағыт алғанын жазған.
Парсы шығанағы әлемдегі ең тынышсыз аймақтың бірі. Соңы 40 жылда бұл аймақта бірнеше рет қарулы қақтығыстар болған. Оның себебі көпшілікке түсінікті. Еуропа, Азия және өзге де алыс құрлықтарға жеткізілетін мұнайдың басым көбі осы шығанақтан шығады. Шығанақтан Үнді мұхитына, Оман және Араб теңізіне, Қызыл теңізге шығатын Бермуз бұғазында Иранның ықпалы басым. Тіпті, тұтас Парсы шығанағында да Иранның ықпалы басымдыққа ие.
Бұдан тыс Орта Шығыс аймағындағы елдерде бір-біріне агрессивті қадамдар жасау көбірек болады. Аймақта Иран мен Сауд Арабиясы бір-біріне стратегиялық қарсыластар саналады. Екі елдің бір-біріне қарсы саясаты аймақтың тұрақтылығына қатер төндіріп келген. АҚШ президент Дональд Трамп Иранмен жасасқан ядролық келісімнен шығып кетіп, экономикалық санкцияны жалғастырғаннан кейін қайшылық тіпті де асқынып кетті.
Қазір танкерлерге жасалған шабуылдарға АҚШ Иранды айыптауда. Мемлекеттік хатшы Помпео бір күні бұрын жасаған видео мәлімдемесінде: "Қолымызда бар деректерге назар аударсақ шабуылды Иран күштерінің ұйымдастырғанын көреміз", деді. Бірақ, Иран өз кезегінде бұл айыптарды жоққа шығарды.