Белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев өзінің "Facebook" парақшасында кезектен тыс президент сайлауына қатысқан оппозициялық саясаткер Әміржан Қосанов жөнінде мәлімдеме жасады.
- Қосанов.
1. Алдап кеттi. Мен онымен сайлау алдында кездескенiмде ол маған: "Мен сайлауға қатысамын"- деп айтқан болатын. Мен одан: "Не үшiн?"- деп сұрағанымда: "Бұл жүйеге ұрыс беру керек”- деп үн қатқан. Бермедi.
Мен оның жеңе алмайтынын бiлгенмiн, оған жеңiстi ешкiм әкелiп бере салмайтынын түсiнгенмiн. Бiрақ Әмiржан ең құрмаса ұрыс бередi деген үмiт болатын.
2. Елiмiздiң тарихында бiрiншi рет шынайы халықтың батыры-таңдаулысы болатын мүмкiндiктi қолдана алмады.
3. 20 жыл бойы жинаған абыройын бiр күнде жерге төгiп тастады.
4. Саяси келешегi жоқ.
P.S. Түсiнбейтiн адамдарға. Бiрiншiден, мен Қосановқа дауыс берiңдер деп үгiттеген жоқпын. Мен Қосановқа дауыс беру арқылы билiкке өзiмiздiң наразылығымызды көрсетiп, оларды саяси реформаларға итермелеуге болады деп айтқанмын. Менiң сол сөзiм жалған ба? Билiк наразылығымызды көрген жоқ па? Халық Қосановты/протест жақтаушылардың санын көрген жоқ па? Мәселе тұлғада емес, бiз қоғам, Қосанов арқылы мақсаттарымызға жеттiк қой. Бұл үлкен жеңiс деп есептеймiн.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды