Президент сайлауына үміткерлер Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады.
Маусым айының 9-ы күні өткен кезектен тыс президент сайлауының exit poll қорытындысы бойынша 70 пайыз дауыспен алда келе жатқан Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке үміткер Әміржан Қосанов, Дания Еспаева, Амангелді Таспихов, Сәдібек Түгел, Төлеутай Рахымбековтар құттықтады. Атап айтқанда, Тоқаевтың басты қарсыласы саналған Әміржан Қосанов "Qazaqstan" телеарнасының эфирінде:
"Сайлаудың нәтижесінде жеңіске жеткен президент Қасым-Жомарт Тоқаевты және де оның осы сайлау науқанында айтқан электоралды процеске қатысты, оның ішінде билік пен қоғам арасындағы диалогты қалыптастыру, балама пікірге, сыни пікірге төзімді болу туралы ойларын қолдай отырып, осы жеңісімен құттықтаймын" - деп мәлімдеді.
Exit poll қорытындысы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев алда келеді. Оған сайлаушылардың 70,13% дауыс берген. Әміржан Қосанов 15,39% дауыспен екінші орында.
"The Qazaq Times"


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды