Аптаның алғашқы күні Судан қарулы күштері орталық қала Хартумда наразылық шеруіне шыққан халықты күшпен басуға әрекеттенген болатын. Нәтижесінде 60-тан астам адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алған. Судан қарулы күштерінің бұл әрекетін әлемнің бірқатар елдері айыптады.
Былтыр жыл соңында Суданда экономикалық дағдарыстарға байланысты халықтық шерулер әлеуметтік толқуларға ұласып, елде саяси дағдарыс туылды. Нәтижеде, сәуір айының 11 жаңасында ел билігін Судан армиясы өз бақылауына алды. Ал, осы дүйсенбіде Хартумда болған демократиялық қозғалыстар қарулы күшпен басылды.
Бір күн бұрын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі судан мәселесі бойынша шұғыл жиналыс өткізген болатын. Жедел жиналысты Қауіпсіздік кеңестің тұрақты мүшелері Британия мен Германия шақырған. БҰҰ отырысында Франция, Ұлыбритания, Германия, Бельгия, Голландия, Польша, Швеция және Италия өкілдері ортақ мәлімдеме жасады. БҰҰ бас хатшысы Судан армиясының қарулы әрекетін айыптап, дағдарысты тіпті де күшейтетін қарулы әрекеттерді тез арада тоқтатуға шақырды.
Сондай-ақ, АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Морган Ортагус те Судан қарулы күштеріне ескерту жасап, ел билігін азаматтық басқаруға қайтаруын талап етті. Әрі, Судандағы Уақытша Әскери Кеңес пен Жедел қолдау күштерін қақтығысты тоқтатуға шақырып, Судан халқының өз билігін орнату үшін демократиялық күштермен диалог жүргізуін талап еткен.