Суданда ел билігін бақылауына алған Әскери кеңес оппозицияны келіссөзге шақырды. Әскери кеңестің төрағасы генерал-лейтенант Абдулфеттах әл-Бурхан мәлімдеме жасап, оппозициямен келіссөз жүргізуге дайын екенін жеткізді.
Бұған дейін ел билігін шеңгеліне ұстаған әскери күштер елдегі демократиялық қозғалыстарды, халықтық ереуілдерді күшпен басып келген. Бір күн бұрын әл-Бурхан мәлімдеме жасап елдегі «Еркіндік және өзгеріс» топтарымен келіссөз жүргізу ниетін білдірді. Әрі, оппозициялық күштермен келіссөзді тез арада бастау туралы ұсыныс тастады.
Естеріңізге сала кетейік, бұдан екі ай бұрын Суданда әскери төңкеріс ел билігін 30 жылдан бері ұстап келе жатқан. Өмер әл-Баширдің билігін құлатты. Алайда, ел ішінде әлеуметтік-саяси дағдарыс басталып, билікті күшпен басып алған әскери топ халықтық наразылық шерулерін қарулы күшпен басып-жаншыған болатын. Құрама Штат пен Еуропа елдері Судан армиясына қақтығысты тоқтатып, оппозициямен диалог жүргізуді талап еткен болатын.