Еуропалық Одақ Украинаға көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы Еурокеңес басшысы Дональд Туск Украина президентімен кездесу барысында мәлімдеді.
Тусктың айтуынша, Еуроодақ Украинаға демократияны нығайтып, экономиканы тұрақтандыруы үшін көмектесуге дайын. Бұдан бөлек Еурокеңес басшысы Украина лидерімен алдағы Еуроодақ-Украина саммитін талқылады. Бірлескен саммит 8 шілдеде Киев қаласында өтуі тиіс.
Осыған дейін Владимир Зеленский Еуроодақ пен НАТО өкілдерімен келіссөздер жүргізу үшін Брюссельге ресми сапармен барған болатын. Бұл – оның Украина басшысы ретіндегі алғашқы сапары. Аталған сапар барысында Зеленский Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен және НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен де кездесті.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды