Иран Ислам Республикасының астанасы Теһраннан (Тегеран) басқа қалаға ауысуы мүмкін. Ирандағы бір қатар беделді депутаттары елдің рухани көсемі Аятолла Хаменейге бас қаланы ауыстыруға нұсқау беруін өтініп, хат жолдады. Рухани көсемдеріне жолданған хатта 74 депутаттың қолы қойылған.
Иран астанасы болып келген Теһраннан бас тартуға ирандық депутаттардың себебі көп. Олар: қаладағы ауаның ластығы; тұрғындар санының көптігі; трафиктің тығыздығы; жер сілкінісі жиі туылатын өңір болуы қатарлы себептерді алға тартты. Бұған қоса, қала құрлысының әуелден кемелді жоспарланбағанын, өрт, жер сілкінісі секілді апатты жағдайда құтқару қимылдарына қиындықтар туғызатынын да айтады. Депутаттар 2013 жылы «Пласко» сауда орталығында туылған өртте 26 адамның қаза болғанын нақты дәлел етіп көрсетті. Рухани көсемдері бұл ұсынысты дұрыс деп тапса, президент басқарып отырған үкіметке пәрмен түсіріп, бас қалаларын ауыстыруы мүмкін. Бұл туралы Түркия «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлап отыр.
Теһран (Тегеран) – Иранның тарихи маңызды қалаларының бірі. Азия бойынша ең ірі қалалардың қатарында. Дүние бойынша 21-ші орындағы мегаполистің халық саны, бейресми дерек бойынша 16 миллион деп көрсетілген. Каспий теңізінен 90 шақырым оңтүстікке орналасқан. Иран депутаттарының елорданы Теһраннан басқа қалаға көшіру ұсынысында саяси мақсаттары да бар болуы әбден мүмкін. Иран қазір өз ішінде әскери техниканы дамытып, Батыстан келетін қауіппен бел шеше күресуге дайындалып жатқан ел деуге болады. Елордасын мемлекет территориясының ішкі жағына қарай, немесе оңтүстік шығыс өңіріне қарай көшіруі ықтимал.
“The Qazaq Times”

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес