Алматылық белсенділер «Oyan, Qazaqstan» қозғалысын құрды.
Маусым айының 5-і күні алматылық белсенділер көпшілікке «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының құрылғандығын жариялады. Белсенділердің сөзінше, қозғалыс марафон кезінде Алматының әл-Фараби даңғылы бойына «Шындықтан қашып құтылмайсың» плакатын ілген Бейбарыс Толымбеков пен Әсия Төлесованы қамауға алғаннан кейін құрылған.
Белсенділер қозғалыспен қатар өздері дайындаған тоғыз бөлімнен тұратын азаматтық декларацияларын жариялады. Онда сайлау жүйесін реформалау, саяси қуғынды тоқтату, парламенттік басқаруға көшу сияқты бастамалар көрсетілген.
Бұған дейін актер Әнуар Нұрпейісов, азаматтық белсенді Әсия Төлесова бастаған бір топ жас "Мен ояндым" әлеуметтік челенджын бастаған. Ол әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда қызу талқыланған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?