"Doutsche Bank" Венесуэланың 20 тонна алтынын тәркіледі.
"Bloomberg" басылымының мәліметінше, германиялық банк Венесуэлаға тиесілі 20 тонна алтынды тәркілеуге байланысты шешімді 4-ші маусым күні қабылдаған. Олардың бұндай қадамға баруына Венесуэланың 2016 жылы алған несиені уақытылы қайтармауы себеп болған.
Венесуэла үкіметі 2016 жылы "Doutsche Bank"-тен 750 миллион доллар көлемінде несие алып, кепілдік ретінде 20 тонна алтын қалдырған. Келісімшарт бойынша, несие уақыты 2021 жылы аяқталуы тиіс болған.
Естеріңізге салайық, сәуір айында БАҚ беттерінде "Венесуэла Орталық Банкінен 8 тонна алтын шетелге шығарылды" деген ақпарат тараған. Дәл осындай көлемдегі алтын ақпан айында сатылған.