Германия Қазақстан үкіметіне 8,5 млрд доллар көлемінде қаржы құйған.
Жақында Берлинде Бундестаг депутаттары мен іскер қауым өкілдерінің бірлесуімен Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық, мәдени байланыстарды дамытатын ұйым іске кірісті. Ұйымның алғашқы мәжілісі «Қазақстан мен Германия: 27 жыл серіктестік» тақырыбына арналып, неміс саясаткерлері мен кәсіпкерлері қазақстандық делегациямен ауыл шаруашылығы, машина жасау және баламалы энергетика салаларындағы жобалаларды талқылады.
Конференцияда айтылған мәліметтер бойынша, Германия Қазақстан экономикасына шамамен 8,5 миллиард доллар құйған. Осы ретте ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев: «Сыртқы істер министрлігіне жаңадан бір функциялар берілген. Бұл – инвестицияны тарту және экспортты ілгерілету. Сол жөнінде үш мемлекет, жалпы үлкен мемлекеттер аталады. Ол АҚШ, Жапония және Германия сияқты жоғары технология және өнеркәсібі бар елдер. Жаңадан шыққан технологияларды өз елімізге тарту қажет. Осындай платформаларда бизнес қоғаммен кездесіп, жаңа мүмкіндіктер ашылады, сол мүмкіндіктерді пайдалану керекпіз», – деп мәлімдеді.
Германия Қазақстанның ең ірі үш сауда әріптесінің қатарына кіреді. 2017 жылы шілдеде Қазақстан мен Германия іскерлік кеңесінің отырысында құны 872 млн еуроға бағаланатын 21 келісімге қол қойылды. Ал биыл 25 наурызда Германия Қарулы Күштерінің әскери қимылдарды модельдеу және әскери медицина саласында цифрлық мониторинг жүйесін пайдалануды үйрену мақсатында арнайы жасақ бөлімшелері арасында тәжірибе алмасу туралы келісімдерге қол қойылды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті