Сайлау алдында полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді.
Бүгін елордада ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев журналистер сұрағына жауап берді. Онда ол қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Құқықтық тәртіп» операциясының басталғандығын айтты.
«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Құқықтық тәртіп» операциясы жүріп жатыр. Бұл елордада ғана емес Республика бойынша жүруде. Шара маусым айының 6-ына дейін жалғасады. Ал 7-ші маусымнан 12-ші маусымға дейін сайлауға байланысты полиция толықтай күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады» - деп мәлімдеді Тұрғымбаев.
Министрдің сөзінше, сайлау күні қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 21 мың полиция жұмылдырылады.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы маусым айының 9-ы күні болады.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?