АҚШ президенті Дональд Трамп 3 маусым күні Англия патшайымының шақыруымен Британиядағы мемлекеттік сапарын бастайды. Ақ үйдің мәліметінде, Трамптың кезекті мемлекеттік сапары екі ел арасындағы "бекем әрі айрықша қарым-қатынасты" растайтынын айтқан. Дегенмен, Трамптың Британия сапары үлкен кездесулер ғана емес, көптеген наразылықтарға да толы болмақ.
Британ патшайымы Елизавета II 3 маусым күні АҚШ президенті мен оның ханымы Мелания Трампты қабылдайды. Президент Трамп былтырғы ресми сапары кезінде де Британ патшайымымен кездескен болатын. Біріккен Корольдік Трамп Ақ үйдегі лауазымды қызметіне отыра салысымен мемлекеттік сапармен келуге шақырған. Алайда, қауіпсіздік және басқа да себептермен сапар кейінге қалдырылып келген болатын. Сыртқы байланыстар жөніндегі кеңестің төрағасы Чарльз Купканның айтуынша, бірде жоспарға енгізіліп, бірде күшінен қалдырылған Трамптың мемлекеттік сапары дау-дамайға да мұрындық болған.
Президент Трамп Букингем сарайында мемлекеттік банкетке қатысады және Ұлыбритания Премьер-Министрі Тереза Мэймен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Ал, АҚШ президентімен кездесуден кейін Тереза Мэй толықтай отставкаға кетеді. Ол осыдан бұрын Британияның ЕО-дан қол үзу процесін жүзеге асыра алмаған еді.
Трамптың былтырғы Британия сапары кезінде Лондон және басқа да қалаларда 100 мыңдаған адам наразылық акциясын өткізген еді. Былтырғы наразылық акциясын ұйымдастырушылар биыл да белсенді дайындық үстінде. Биыл да масштабты наразылық шерулерін ұйымдастырмақ. Олар Трамптың миграция және сыртқы саясатына, сондай-ақ, ғаламдық жылынудың алдын алу шараларын тоқтатқанына наразы.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді