Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейге мемлекеттік сапармен бармақ. Кремль түрік басшысын күтіп алу дайындығында екенін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Кремль өкілінің айтуынша Түркия президентінің кезекті Ресей сапары екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнатқаннан бергі ең ауқымды мемлекеттік сапар болғалы отыр. Ердоғанмен бірге түрік үкіметінің бірқатар жоғары жетекшілері де ресейлік әріптестерімен кеңейтілген отырысқа қатысады.
Алдын ала берілген мәліметке қарағанда тараптар бұл жолы аймақтың және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесінен тартып, энергетика, сауда-экономика салаларындағы ынтымақтастық туралы кеңінен талқылайды. Путин мен Ердоған арасындағы кездесуде қазіргі өзекті геосаяси мәселелерде қамтылатынын мәлімдеген.
Түрік және орыс басшылары арасындағы кездесуде Сүрия мен Ауғанстан мәселесі де маңызды күн тәртіпке қойылары сөзссіз. Себебі, Сүрияда Ресей күшіне сүйенген Башар Асад режимі Түркия ықпалындағы Идлибге әуе шабуылдарын күшейтуде.
Ал, Ауғанстанда Түркияның әскери күштері Кабул әуежайын күзетіп тұр, сәйкесінше ауған жеріндегі маңызды қатысушылардың бірі ретінде Орталық Азияға да өзіндік ықпалы арта түсуде. Бұл бағытта Ресей өзі ықпал етіп отырған Орта Азиядағы жаңа ойыншымен кейбір мәселелерді талқылауына тура келеді. Демек, түрік басшысының кезекті сапары Орта Азия елдерінің де назарында болады.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау