Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Асланбек Жақыпов үш жылға сотталды.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметте өмір бойы еңбек ету құқығынан айырылды. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотында оның ісіне қатысты сот отырысы аяқталды. Айыпталушы сотта өз кінәсін толық мойындады. Шенеунік 18 сәуірде танысынан 500 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталған болатын. Сот шешімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша («Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену») жауапқа тартылған.
Кезекті сот отырысы барысында отбасылық жағдайына қатысты сұрақтарға жауап берген Жақыпов: «Екі жоғары білімім бар: заңгерлік және экономикалық. Саясаттанудан магистрлік дәрежем бар және іскерлік әкімшілік докторымын. Жұмыс орным – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаменті», – деп хабарлаған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді