Сербия армиясы Косово шекарасына қарай бағыт алды.
Б92 радиосының мәліметінше, Сербияның Кралево қаласынан Косово шекарасына қарай әскери автокөліктер мен жаяу әскери қосындарынан жасақталған колонна аттанған. Бұның алдында аймаққа Сербия қорғаныс министрі Александр Вулин келген.
Бұған дейін Сербия президенті Александр Вучич армия мен арнайы жасақ сарбаздарын соғыс жағдайына дайындық деңгейіне өтуге бұйырық берген. Ол бұл жөнінде 73 көліктен жасақталған Косово арнайы жасағы сербтер тұратын ауданда әскери операция өткізіп, 23 адамды тұтқындағаннан кейін мәлімдеген. Кейіннен Косово билігі әскери операция ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы жүргізілгенін айтқан.