Террорлық топтың қатарында соғысқан 3 франциялық азамат Иракта өлім жазасына кесілді. Бұлардан тыс 9 Франция азаматы Сүрия жерінде тұтқындалып, ақпан айында Ирак сотына тартылған еді. Өлім жазасына кесілген Франция азаматтары 30 күн ішінде апелляциялық шағым түсіруіне құқығы бар. Бұл туралы BBC мен Францияның FPA ақпарат агенттігі хабар таратты.
Ирак соты өлімге үкім еткен франциялықтардың бірі – 32 жастағы Кевин Гоно. Ол 2017 жылы желтоқсанда Сүрия жерінде отбасымен бірге қолға түскен. Франция тарабы оның сыртта 9 жылға соттаған. Тағы бірі Салим Мачу "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымның Еуропадағы тобына қызмет еткен делінеді. Ол қатысқан террорлық топ Ирак, Сүрия елдерінде және Париж бен Брюссель қалаларында террорлық шабуыл ұйымдастырған деп айыпталған. Ал, 32 жастағы Леонард Лопес әйелі және екі баласымен "ИМ" тобы бақылауына алған Мосул қаласында тұрған. Мосул шайқастан кейін Сүрия жеріне өткен және сол елде тұтқындалып, Иракқа апарылған.
Қазіргі кезде, террорлық топ қатарында соғысқан мыңдаған шетелдік Сүрияның демократиялық күштерінің қолында қамауда тұр. Олардың отбасы мүшелері де арнайы лагерлерде күн өткізуде. Сүрия жеріндегі қолға түскен террорлық топ мүшлереін қалай біржайлы ету мәселесі дағдарыста тұр. Ал, Ирак үкіметі сот арқылы үкімет шығарып жатыр. Тіпті, Сүрия жерінде қолға түскен көптеген шетелдік содырлар мен оның отбасы мүшелері Ирак үкіметіне өткізіліп берілді. Алайда, олардың өлім жазасына кесілгені алғаш рет болып отыр.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Ирак сотының шешімін сынға алуда. Алайда, Франция тарабы бұл туралы реакция танытқан жоқ.
Өздерін "Ислам мемлекеті" атаған террорлық топ 2014 жылы Ирактың солтүстігіндегі Мосул шаһарында "Халифат" жариялап, артынша Ирак пен Сүрияның басым көп аймақтарын басып алды. Бірнеше жылға созылған соғыстардан кейін Ирак армиясы 2017 жылдың соңына қарай Мосулды азат етіп, "ИМ" тобына қарсы соғыста жеңіске жеткенін жариялаған. Сүрия жеріндегі "ИМ" тобының соңғы бекінісі биыл наурыз айында талқандалып, екі елдегі террорлық топтың негізгі күші жойылды.
"ИМ" тобына қосылған шетелдік тұтқындарды еліне қайтару ісі тез арада шешілетін емес. Себебі, кейбір елдер өз азаматтарын қайтарып алып кетуге ынталы емес. Оларды қалай біржақты етуде әр ел әр түрлі тәжірибелерді қолдануда. Сүриядағы арнайы лагерлерде тұрып жатқан әйелдер мен балалардың саны да он мыңдап саналады. Қазақстан Республикасы Орталық Азиядан алғаш рет Сүрия мен Ирактағы террорлық топ қатарына қосылған азаматтарын еліне қайтарған болатын. Жақында Тәжікстанда өзінің азаматтарын еліне алып келді.