Теледебат мамыр айының 29-ы күні өтуі мүмкін.
Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі «Хабар» арнасында президенттікке кандидаттар арасында өтетін теледебатты 29-шы мамыр күні өткізуді ұсынды. Орталық сайлау комиссиясының өкілі Ләззат Сүлейменнің сөзінше, қазіргі уақытта теледебатты өткізу регламенті қарастырылып жатыр.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы маусым айының 9-ы күні өтеді. Мамыр айының 12-інен бері кандидаттар өздерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Ол маусым айының 8-іне дейін жалғасады. 8-ші маусым – тыныштық күні.