Бұған дейін Жер климаты қазіргі қарқынмен жылына берсе, 2100 жылға барғанда теңіз сулары 1 метр шамасында көтеріледі деп болжанған еді. Алайда, Антрактика мен Гренландия аралдарындағы мұз қабаттарының еруіне қайталай зерттеу жүргізген Британия мен АҚШ ғалымдары теңіз-мұхит су деңгейінің көтерілуі біз шамалаған мөлшерден екі есе артық болатынын болжады.

Ғалымдардың соңғы тұжырымына сәйкес, ауаға шығарылатын көмір қышқыл газының мөлшерін азайтпасақ, 2100 жылға барғанда Лондон, Нью-Йорк, Шанхай секілді алып мегаполистер су астында қалып, бірнеше жүз млн адамның қоныс аударуына тура келеді.

Биыл Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумда БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш әлем экономикасына төнген ең үлкен қорқыныш – климат өзгерісі деп көрсетті. «Біз бұл жарыста артта қалып жатырмыз. Климат өзгерісі біздің алдын алу шараларымыздан әлде қайда тез болып жатыр. Шынайы жағдай біз ойлағаннан да ауыр екенін соңғы оқиғалар дәлелдеп жатыр», – деген БҰҰ бас хатшысы.

АҚШ Ұлттық ғылым академиясының болжауынша, егер көмір қышқыл газының ауаға шығарылуы осы деңгейде қала берсе, 2100 жылға барғанда Жер бетінің орташа температурасы 5 градус жоғарлайды. Соның нәтижесінде теңіз-мұхиттардың су деңгейі 62 метрден 238 метрге дейін көтеріледі. Бұл дегеніміз, құрлық жер аумағынан 1 млн 790 мың шаршы шақырым аумағы су астында қалатынын көрсетеді. Бұл Ливияның көлеміндей құрлық жері су астына кеткенімен бірдей. 187 млн халықтың мекенін су басады. Он миллиондаған тұрғыны бар ірі қалалардың бірқатары да бұл қауіптен аман қалмайды. Олардың қатарында Лондон, Нью-Йорк, Шанхай секілді ірі қаржы орталықтары да бар.

  “The Qazaq Times”