АҚШ Түркияға ультиматум қойды.
Уашингтон Анкараға Ресейдің С-400 зымыран жүйесін сатып алудан бас тартуға екі апта уақыт берді. СNBC телеарнасының мәліметінше, Түркия осы уақыт аралығында Мәскеумен арадағы келісімді бұзып, АҚШ-тың «Patriot» зымыран жүйесін сатып алуы тиіс. Өйтпеген жағдайда Уашингтон Анкараны F-35 ұшықтарын құрастыру және пайдалану бағдарламасынан шеттетеді. Бұдан бөлек ультиматум орындалмаған жағдайда АҚШ Түркияға санкция салуы мүмкін.
Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейден С-400 әуе қорғанысы жүйесін сатып алудан бас тартпайтындығын айтып, бірнеше мәрте мәлімдеме жасаған.
С-400 жүйесінің алғашқы даналары Түркияға шілде айында жеткізіледі. АҚШ ресейлік жүйе НАТО стандарттарына сәйкес келмейді деп есептейді.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?