Күні кеше 41 жастағы Владимир Зеленскийдің Украина президенті болып сайлануы Қазақстанда қызу талқыланды. Осыған байланысты бүгін біз әлем бойынша соңғы 5-6 жылда билік басына келген жас саясаткерлердің тізімін жасауда жөн көрдік.
Жастардың мемлекет басшысы болуы жағынан пайыздық көрсеткіш бойынша Еуропа елдері көш бастап тұр. Қазіргі таңда билік басындағы ең жас саясаткер Австрия кацлері Себастьян Курц. Ол 2017 жылы небәрі 31 жасында Австрия канцлері болып сайланды.
Екінші орында Бельгия премьер-министрі Шарль Мишель. Ол 2014 жылғы (38 жасында) сайлауда жеңіске жетіп, қазіргі күнге дейін осы қызметте.
Юри Ратас 38 жасында Эстония премьер-министрі болып сайланды. 2019 жылы өткен Парламент сайлауда Ратас коалициясы көпшілік дауыс алып, ол жаңа үкімет жасақтап, премьер-министр қызметін жалғастыруда.
Мальта премьер-министрі Джозеф Мускат 2013 жылы билік басына 39 жасында келді.
Эмануэль Макрон 2017 жылы 39 жасында Франция президенті болып сайланды.
Люксембург премьер-министрі Ксавье Бетталь 2013 жылы үкімет басына 40 жасында келді.
2016 жылы Молдавия президенті болып 41 жастағы Игорь Дадон сайланды.
Аты шулы Никол Пашинян 2018 жылы 42 жасында Армения премьер-министрі болып сайланды.
2015 жылы 42 жасында Польша президенті болып Анджей Дуда сайланды.
45 жастағы Зузана Чапутова 2019 жылы Словакия президенті болды.
2015 жылы Канададағы Парламент сайлауында Либералдар жеңіске жетіп, 44 жастағы партия жетекшісі Джастин Трюдо премьер-министр болып сайланды.
Диктаторлар арасында жастар көшін Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун бастап тұр. Ол елін 2016 жылдан бері басқарып келеді. Ким Жоң Ун билік басына 30 жасында келген.
Билік басына жастардың келуі жағынан Қазақстанда қалыспайды. Мысалы, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев 1989 жылы 26 маусым күні сол кездегі Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып небәрі 49 жасында тағайындалған. Назарбаевтың билік басына келуі ғана емес, оның Тәуелсіз Қазақстанды басқару мерзімі де әлем бойынша алдыңғы қатарда. Ол елді 29 жыл, 8 ай, 26 күн басқарды. 30 жылға тұп-тура 4 күн 3 ай жетпей қалды. Ал маусым айының 9-ы күні өтетін кезектен тыс президент сайлауына «Нұр Отан» атынан қатысып жатқан Қасым-Жомарт Тоқаев 66 жаста. Оның сайлаудағы басты қарсыласы оппозициялық саясатер Әміржан Қосанов жақында ғана 55 жасқа толды.