Иран уран байытуды төрт есеге көбейтті.
«Tasnim» ақпарат көзінің мәліметінше, мамыр айының 20-ы күні Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша уран байыту төрт есеге артырылған. Теһран өзінің бұл шешімі туралы МАГАТЭ-ге ескерткен. Бірақ әзірге аталмыш ұйым Иранға байданысты қандай да бір мәлімдеме жасамады.
«Associated Press» ақпарат агенттігінің болжамы бойынша, Иран уран байытуды төрт есеге арттыру арқылы ядролық келісімде бекітілген нормалардан асып кетеді.
Мамыр айының басында Иран ядролық келісімнің бірқатар бөліктерін орындамайтындығын мәлімдеген. Кейіннен Парсы шығанағында АҚШ пен Иран арасындағы текетірес бұрын соңды болмаған жағдайға жеткен. АҚШ Теһран тарапынан төнуі мүмкін қауіптерді желеу етіп, Парсы шығанағына Авраам Линкольн бастаған жеті әскери кемесі мен Patriot зымыран жүйесін орналастырған.
Өз кезегінде Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменей: «Теһран Уашингтонмен соғысуға мүдделі емес, бірақ АҚШ-қа қарсы күресін жалғастырады» - деп мәлімдеген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?