Әзірбайжан астанасы Бакуде электр энергиясын қоқыс қалдықтарын өңдеу арқылы тарататын зауыт салынды. Бұл туралы МИР-20 хабарлады.
Баку маңындағы қаланың бірінде шамамен 70 адам тұрады, қажетті инфрақұрылым бар. Алайда, біраз уақыттан бері электр станцияларының жұмысында тұрақты ақаулар жиі орын ала бастаған. Аталған мәселені шешу мақсатында қала маңында өртеніп жатқан қоқыстан электр қуатын алатын зауыт салынды. Бұл жерде жылына шамамен жарты миллион тонна қоқысты өртейді. Алынған энергия 100 мың жеке меншік үйге жеткілікті. Ал шикізат қалдықтарды басқару қондырғысынан келеді.
Қоқыс қалдықтары сұрыптаудың үш кезеңінен өтеді: ірі көлемді қоқыстарды ұсақ қоқыстан шығару, металл қалдықтардан арнайы магниттің көмегімен шығару және қолмен сұрыптау. Зауыт жақсы желдеткішпен жабдықталған және қызметкер арнайы бетперде жұмыс істейді. Зауыт қызметкерлерінің айтуынша, алғашқы күндері жұмыс ауыр болған. Себебі, органикалық қоқыс арнайы полигонға жіберіледі және арнайы геомбраналық қабықпен жабылады. Қоқыс қалдықтарын өңдеу барысында пайда болған суды арнайы құрылғылар тазартады және ағаштарды суару үшін пайдаланылады.
Әзірбайжанда экологияға зиян тигізетін, рұқсат етілмеген қоқыстардың пайда болуы заң бойынша қатаң қадағаланады. Заңнаманы бұзғандар үшін айыппұл қарастырылған. 2019 жылдың басынан бері арнайы бап бойынша 157 акт жазылған.