Тәжікстанда террористер көтеріліс жасамақ болды.
Душанбе қаласының жанында орналасқан Вахдат түрмесінде «Ислам мемлекетті» террорлық ұйымының құрамында болған сотталушылар түзету мекемесі аумағында төңкеріс жасамақ болған. Олар өздерін босатуды талап етіп, бірнеше күзетшіні кепілдікке алып, үшеуін өлтірген. Түрме әкімшілігі жүргізген арнайы опперация барысында 29 лаңкестің көзі жойылған.
Мамыр айының 20-ы күні билік өкілдері түрмедегі жағдай қалыпты екендігін және тексеру жұмыстарынан кейін 8 адамның тұтқындалғанын мәлімдеді. Кейіннен БАҚ беттерінде оқиғадан кейін түзету мекемесінің басшысы Мансуржон Умаров қызметінен босатылғандығы жөнінде ақпарат тарады.
Вахдат түрмесінде болған лаңкестік төңкерісті «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымы өз мойнына алды.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?