Жапонияға сапарлай барған Иран сыртқы істер министрі Мұхаммед Жавад Зариф Иранның АҚШ-пен келіссөзді қаламайтынын қайталады. Ол бұл пікірін Жапонияның «Киодо» ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында ортаға салған.
Зариф сөзінде: «Құрама Штаттар 2015 жылғы «Ортақ қалам» келіссөзінен біржақты шығып кетті және Теһранға (Тегеран) қарсы экономикалық қысым жасады. Иран Уашингтонмен ядролық келісім жайды қайта келіссөз жүргізбейді», – деді.
Иран СІМ басшысы сөзінде АҚШ-ты өз мүддесі үшін өзге елдері Иранға қарсы санкцияға қолдау көрсетуге итермелеп отырғанын сынға алды. Ол бір елдің өз мүддесі үшін басқа елдерге қысым жасауы таяу заманғы тарихта алғаш рет болып отырғанын айтқан. Ол және АҚШ-тың Иранға қарсы қысымын «Экономикалық терроризм» деп бағалаған.
Зариф Иранның ядролық келісімді берік сақтағанын, Трамп билігінің біржақты шешімі ғаламдық қауіпсіздікке қатер төндіріп отырғанын айтады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі