Ресей президенті Владимир Путин Каспий теңізіндегі жүк тасымалына көңілі толмайтынын айтты.
Путиннің сөзінше, осыдан бірнеше жыл бұрын Астрахань облысында осыдан бірнеше жыл бұрын «Оля» порты ашылып, 2004 жылы жүк тасымалын арттыру үшін аймаққа темір жол салынған. Бірақ бұған қарамастан Каспий теңізіндегі жүк тасымалының барлығын көрші мемлекеттер алып қоюда.
«Каспий теңізінде жүк тасымалы артуда. Бірақ олардың барлығы Ресейді айналып өтуде. Оның барлығын көршілес мемлекеттер алуда» - деп мәлімдеді Ресей президенті.
Бұдан бөлек ол жүк тасымалдаушы компаниялардың қызығушылығын арттыру үшін арнайы бағдарламалар қабылдап, инвесторларды тарту қажеттігін жеткізді.
Естеріңізге салайық, мамыр айының 13-і күні Ақтау порты арқылы Өзбекстанның алғашқы жүк көнтейнерлері жөнелтілген. «Өзбекстан темір жолы» компаниясына тиесілі 20 футтық 20 контейнер Ақтау порты арқылы Иранға жеткізіледі. Бұл Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран және Қытай темір жол компанияларының өзара келісімі нәтижесінде жүзеге асуда.