ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев 9 мамырда Қазақстан бойынша ғаламтордың бұғатталуына қатысты пікір білдірді.
Абаев сөзінде: «Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі байланысқа жауап бермейді. Мен қазір бұған байланысты ештеңе айта алмаймын. Бірақ действительно, провайдерлер айтқандай, техникалық ақаулықтар болды. Ғаламтордың не себепті бұғатталуын провайдерлерден сұрап, нақты жауап алған жөн. 9 мамырда байқалған «Интернетке доступ» проблемасы 9 маусымда да қайталанады деп ойламаймын, провайдерлер оған дейін өз техникаларын жөнге келтіреді деп ойлаймын», – деп жауап қатты.
9 мамырда Қазақстан бойынша ғаламторға кіру қиындап, тоғыз сайттың жұмысы уақытша тоқтатылған болатын. Осыған қатысты «Шекарасыз тілшілер» халықаралық журналистер құқығын қорғау ұйымы Қазақстандағы интернеттің бұғатталуын, интернет цензураны сынға алды. Аталған ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша бөлімінің жетекшісі Джохан Бир «жергілікті халықтың ақпарат алу құқығын бұзу фактісіне еш ақтау жоқ» – деп мәлімдеген.
Айта кетейік, желі қолданушылары соңғы жылдары ғаламтордың жиі бұғатталуына қатысты шағымданып келеді. Билік өкілдері аталған мәселеге қатысты пікірін «ғаламтордағы ақаулыққа биліктің еш қатысы жоқ, бұл провайдер тарапынан шешілуі тиіс» – деп қысқа қайырады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы