Сүрияда 300-ге тарта Қазақстан азаматтары бар: олардың жартысы кәмелетке толмаған балалар. Бұл туралы «Жусан-2» операциясына қатысты өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев мәлімдеді.
Қазақстан азаматтарын қайтару бойынша жүргізілген шараларға қатысты Б.Рахымбердиев: «Экстрадиция, депортация мәселесі осы жылы толығымен аяқталады деген үмітіміз бар. Олардың басым көпшілігін елімізге алып келеміз деп жоспарлап отырмыз. Бұл бағыттағы қиындықтарға тоқталсақ, Сүрияны бірнеше қарулы топтар басып алған. Бір жерлерде үкіметтің заңдары орындалса, ал кейбір өңірлерде заңнамалық негіз сақталмаған. Осы орайда бұл топтармен келісімге келу мен біздің азаматтарды сол жерден алып шығу қиындық тудырады. Біз өз еркімен елге келетіндерді қайтарамыз. Олардың көпшілігі Қазақстанға оралуға шын ниеттерін білдіріп отыр. Келеміз деген адамдарды 7-9 мамырда қайтардық. Ал енді қалған адамдармен қосымша жұмыстар жүргізіледі», – деп хабарлады.
Мәлімдемеде айтылғандай, Қазақстанға келгеннен кейін 16 ер адам мен 4 әйел террористік іс-әрекетке қатысы бар деген күдікпен тұтқындалған. Олар қылмыстық істерін тергеу орындары бойынша Нұр-Сұлтан, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қарағанды және Шымкент қалаларына берілді. Қалған 55 әйел баласымен бірге Ақтау қаласы маңындағы арнайы оңалту орталығына бір ай мерзімге орналастырылған. Медициналық тексерістер өткізіліп, карантин белгіленді. Осыған дейін, яғни қаңтардағы мәлімет бойынша Сүрияда кәмелетке толған 380 және кәмелетке толмаған 500-ге тарта қазақстандық болған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді