Оңтүстік Корея ақпарат құралдары, 1 наурыз күні, Корея-АҚШ бірлескен «Күшіген» әскери оқу-жаттығуларының басталғанын хабарлады. Оңтүстік Корея мен АҚШ қорғаныс өкілдерінің айтысына қарағанда, бұл – Солтүстік Кореяның арандатушылығына берілген пәрменді жауап екен. Бұл Корей түбегінің жағдайын ушықтырып, онсызда жарылғалы тұрған соғыс білтесін тартқанмен бірдей деуге әбден болады.
Қытай ақпарат орталығының ( China News) хабарына қарағанда, бұл реткі «Күшіген» бірлескен әскери оқу-жаттығулары екі айға жалғаспақ. АҚШ күштері бұл жаттығуға стратегиялық ядролы «Карл Винсон» қуатты соғыс техникаларын қосып отыр. Корейлік БАҚ пен сарапшылары АҚШ-Корей бірлескен армиясының оқу-жаттығуы түбектің онсызда шиеленіске толы жағдайын одан ары ушықтыра түседі деп алаңдауда.
Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің берген ақпаратына сүйенер болсақ, екі елдің қорғаныс министрлігіндегі жоғары лауазымдылар бүгін таңертең телефон арқылы сөйлескен. Әңгімеде Корей түбегінің қалыптасқан жағдайын, Солтүстік Корея ядролық мәселесінің қатерлерін атап өтіп, Солтүстік Корея арандатушылығына қарсы пәрменді әрекетке бұйрық берген. Ал АҚШ қорғаныс министрі Мэттис өз мәлімдемесінде, екі ел қорғаныс өкілдерінің қоңырау арқылы сұхбаттасқанын растай келе, АҚШ Оңтүстік Кореяны қорғауға табанды болатынын, Құрама Штаттың жауларын толықтай жеңетіндіктеріне, барлық ядролық шабуылдарға қарсы тұруға қабілетті екендіктерін айтты.
Осыдан бұрын, яғни 21 ақпанда, Солтүстік Корея Жұмысшы партиясы органының ресми басылымы «Жұмысшылар жаңалығы» газетінде, АҚШ-Корея бірлескен армиясының әрекеттерін айыптап, Солтүстік Кореяның ядролық құралдарды дамыту ісіне тікелей тосқауыл жасау, Корей түбегінің шиеленісін ұлғайтып қана қалмай, түбек жағдайын соғыстық күйге алып келді деген болатын.
1953 жылғы Корей түбегінің уақытша бітімінен бері қарай, Оңтүстік Корея мен АҚШ жыл сайын бірлескен ірі көлемдегі әскери оқу-жаттығуларын өткізіп келеді. Соның ішінде ақпан, наурыз айларында өтетін – «Негізгі шешім», «Күшіген» оқу-жаттығулары мен тамыз және қыркүйек айларында дәстүрлі түрде өтетін «Бостандықты қорғау» оқу-жаттығулары да кіреді. Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Корея армиясының бірлескен оқу-жаттығуына күшті наразылығын білдіруде.
Әлем тыныштығы сынға түскен сағатта, АҚШ, Ресей, Қытай, Жапония, Оңтүстік-Солтүстік Кореялар өз мүддесін бағып қана қалды. Адамзатқа апат әкелетін ядролық соғыстың туу қаупі Корей түбегінде қызыл сызықты көрсетіп тұр деуге болады. Дүние елдерінің бәрі де келесі Әлем соғысында ешқандай жеңуші елдің болмайтынын алда бұрын біліп отырса да, мүдделердің қайшылығын қолдан тудырса да, әлемді тыныш күнге үйреткісі келмейді. Шығыс Азия осы жылдан бастап Орта Шығыстан да күрделі қайшылықтардың алаңы болуы бек мүмкін.
“The Qazaq Times”