Құрама Штаттың Иранға қарсы қатаң ескертуі мен жасап жатқан әскери қадамдарына байланысты Теһран (Тегеран) тарабы да өз жауабын қайтаруда. Иран СІМ басшысы кезекті мәлімдемесінде АҚШ және Біріккен Араб Әмірлігіне қатар ескерту жасап, аймақта қақтығыс болған жағдайда зардабының ауыр болатынын айтты.
Иран сыртқы істер министірі Мұхаммед Жевад Зариф мәлімдемесінде, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігін Құрама Штатты Иранға қарсы айдап салып отыр деп айыптады. Ол және текетірес соңғы қақтығысқа ұласса аймақта ешкімнің аман қалмайтынын ескерткен.
Зариф мәлімдемесінде, АҚШ-тың Иран мұнай экспортына қарсы шешімін «экономикалық терроризм» ретінде бағалаған, әрі Уашингтонды мақсатты түрде қақтығысқа итермелеп отыр деп сынға алған. Әрі, Батыс елдері 2015 жылы қол қойылған ядролық қаруды дамытпау туралы келісімді өз уәделеріне сай орындамай отыр деп айыптаған.
Иран мен АҚШ арасындағы қайшылық күн санап асқынып бара жатыр. Тіпті, қайшылық өзге елдердің араласуынсыз арта берген күннің өзінде, оның соңы «Екінші Шығанақ соғысына» апарып соғуы да ғажап емес. Бұл Орта Шығыстың қауіпсіздігі мен бейбітшілік тұрақтылығын бір жолата тоқыратады.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?