Екі күнде 120 мың қол жинаған үміткер кандидат ретінде тіркелді.
«Ауыл» партиясы атынан президенттік сайлауға қатысып жатқан Төлеутай Рақымбеков 6 мамыр күні кандидет ретінде тіркелді. Орталық сайлау комиссиясы Рақымбековтың сайлау алды штабы жинаған 122 309 қолдың 120 754-ін жарамды деп таныған.
Үміткердің өзі қол жинау науқанына байланысты:
«Біздің партияның 320 мың мүшесі бар. Сондықтан қол жинау қиын болған жоқ. Мамыр айының 1-і мен 2-і аралығында қол жинап, 3-і күні дайын болды» - деді.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Кандидаттарды тіркеу мамыр айының 11-і күні аяқталады. Қазірге дейін президенттікке үміткер ретінде жеті адам өз кандидатураларын ұсынған. Атап айтқанда:
«Ұлт тағдыры» қозғалысы – Әміржан Қосанов.
«Нұр Отан» партиясы – Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан кәсіподақтар федерациясы – Амангелді Таспихов.
«Ақ жол» партиясы – Дания Еспаева.
«Ұлы дала қырандары» қозғалысы – Сәдібек Түгел.
«Ауыл» партиясы – Төлеутай Рақымбеков.
Қазақстан коммунистік халық партиясы – Жамбыл Ахметбеков.