Венесуэла оппозициясының жетекшісі Хуан Гуайдо президент Николас Мадуроға болған қарсылықты арттыру үшін үкімет қызметкерлерін жұмыс тастауға шақырды. Бұл туралы Reuters ақпараттық агенттігі хабарлады.
Осы аптаның басында өзін уақыттық үкімет басшысы ретінде жариялаған Хуан Гуайдо ел қарулы күштерінің өз тарабына өткенін мәлімдеп, халықты наразылық акциясына шығуға шақырған болатын. Сейсенбіде өткен наразылық шеруде қауіпсіздік күштері мен наразы топ арасында қақтығыс болып, бір адам қаза тапты.
Ал, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Николас Мадуроны елден қашып кетуге дайын отыр деп мәлімдеген еді. Алайда, бұл сөзді Мадуро жоққа шығарып, оны Құрама Штаттардың Венесуэлада революция ұйымдастыру үшін жасаған амалы деп бағалады.
Дегенмен, Венесуэлада әлеуметтік-саяси, экономикалық дағдарыс шыңына шығып, азаматтық соғыс алдында тұрса да президент Мадуро оппозициямен келіссөзге келу ниетін байқатпады. Керісінше оларды жазаға тартуға тырысуда.
Қазір Венесуэладағы дағдарысқа байланысты АҚШ пен Ресей арасындағы мәміледе күн санап кері кетіп барады.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды