«АҚШ Венесуэла аумағынада әскери опперациялар жүргізуге дайын» - деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео «Fox Business» телеарнасына берген сұхбатында.
«АҚШ президенті Дональд Трамп ашық әрі айқын «әскери операция болуы мүмкін» екендігін айтты. Егер әскер кіргізу қажет болса, АҚШ оны істейді» - деді Помпео.
Бұдан бөлек Помпео АҚШ-тың зорлық-зомбылыққа қарсы екендігін және Венесуэла президенті Николас Мадуроның бейбіт жолмен биліктен кететіндігіне үміттенетінін айтты.
Бірақ Reuters ақпарат агенттігі өзінің жеке ақпарат көздеріне сүйеніп, Ақ үйдің Пентагонға Венесуэалаға байланысты ешқандай бұйырық бермегенін жазды. АҚШ Қорғаныс министрінің халықаралық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Кэтрин Уилбаргердің сөзінше, «Пентагон кез келген төтенше жағдайға байланысты қосалқы жоспарларды дайындайды».
Бұған дейін Майк Помпео Венесуэла президенті Николас Мадуроның елден кетпек болғандығын, бірақ оны Ресей билігі тоқтатқандығын айтқан. АҚШ Мемлекеттік хатшысының сөзінше, Каракас әуежайында Мадуроға арналған ұшақ дайын тұрған. Ол оны Кубаға жеткізуі тиіс болған. Кейіннен Помпеоның бұл мәлімдемесін Венесуэла мен Ресей жоққа шығарды. Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова: «Уашингтон Венесуэла армиясына моральдық тұрғыдан әсер ету үшін жалған ақпарат таратуда. Бұл ақпараттық шабуылдың бір түрі» - деп мәлімдеді.
Сәуір айының 30-ы күні оппозициялық саясаткер Хуан Гуайдо халық пен армияны президент Николас Мадуроны орнынан алып тастауға шақырып, өз үндеуін «Бостандық» операциясының соңғы кезеңі деп бағалаған. Мадуро билігі шеруге шыққандарға қарсы газ қолданып, халықты әскери техниканың күшімен таратқан.
Венесуэаладағы саяси дағдарыс қаңтар айының 23-і күні басталған. Дәл осы күні Хуан Гуайдо өзін «елдің уақытша президентімін» - деп жариялаған. Оны АҚШ, Еуроодақ және Латын Америкасының бірқатар мемлекеттері мойындаған.