Өздерін «Ислам мемлекеті» атаған террорлық топтың жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдати интернет желісінде жарияланған пропагандалық видеода пайда болды. Бұл туралы BBC және америкалық телеарналар хабар таратты.
Абу Бакр әл-Бағдати ең алғаш 2014 жылы Мосулдағы әл-Нури мешітінде «халифат» жариялаған видеосында ел көзіне түскен болатын. Өздерін «Ислам мемлекеті» деп аталатын режим ретінде жариялағаннан кейін еш жерде видеоға түскен емес, ал интернетте тек дауыстық үндеулері ғана тарап жүрген.
Бұған дейін Сүрияда ұрыс салған АҚШ пен Ресейдің қарулы күштері «ИМ» жетекшісі әл-Бағдатидің өлді деп мәлімдеген болатын. 2017 жылы Ракка шайқастарының бірінде әуе шабуылдарынан өлген лаңкестердің арасынан әл-Бағдатиге ұқсайтын бір адамның суреті де жарияланған. Дегенмен, бұл туралы бұлжымас дәлел алып шыққан ешкім болмаған.
Бір ай бұрын ғана Сүрия мен Ирак жерінде «ИМ» күштері толық талқандалғанын ресми тараптар мәлімдеген еді. Соңғы видео материалдың қашан түсірілгені белгісіз. Алайда, онда ол Багхуздағы қоршап ұстау операциясы кезінде құтылып шыққанын айтқан. Оның қайталай видео үндеуден бой көрсетуі оны өлді деген мәліметтердің бәрін жоққа шығаруда. Бұл да «әл-Каида» жетекшісі Усама бин Ладенге ұқсас державалар арасында әлі бе бірнеше рет «өлтірілуі» мүмкін.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес