«Ұлт тағдыры» қозғалысының үміткері Әміржан Қосанов тіл сынағынан өтті.
Маусым айының 9-ы күні өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидат Әміржан Қосанов қазақ тілі сынағынан өтті. Тіл комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбековтың айтуынша, Қосанов тіл сынағынан сүрінбей өткен және қазақ тілін еркін меңгерген.
Әміржан Қосанов тіл сынағында «ТМД тарихы және бүгіні» тақырыбында шығарма жазып, Қадыр Мырзалиевтың өлеңдерін оқып, «Өнер білім бар жұртта» тақырыбында ой-толғау айтқан.
Оппозициялық саясаткер Әміржан Қосановты «Ұлт тағдыры» қозғалысы сәуір айының 26-ы күні президент сайлауына кандидат ретінде ұсынған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды