Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Уң мен Ресей президенті Владимир Путин кездесуінен айтарлықтай нәтиже күтудің қажеті жоқ. Бұл туралы Time басылымы хабарлады.
Осыған дейін Путиннің баспасөз өкілі Дмитрий Песков мәлімдемесінде, екі ел басшысы жеке кеңес өткізіп, кейін кеңейтілген кездесу жасаған. Кездесуде екі ел қатынасын дамыту, Корей түбегін ядролық қарусыздандыру және аймақтық қызметтестік тақырыптары сөз болған.
Дегенмен, Time басылымы хабарлағандай, кездесу барысында Ким Жоң Унның «ауыр күрсінуі» қос мемлекет байланысында өзгеріс болмайтындығын білдіреді. Ал Солтүстік Корея басылымдары бұл жағдайға президенттің артық салмағы әсер еткен болуы мүмкін дейді. Шетелдік БАҚ «Ким Жоң Уңның ядролық қаруды құру бағдарламаларына қатысты қойылған санкциялардан қалай құтылатыны белгісіз. Соған қарамастан, ол әлемдік сахнада өзін сенімді ұстай білді», – деп жазды.
Екі ел арасындағы кездесу Солтүстік Корея экономикалық және саяси қысымдар астында, қиын қалде тұрған кезге тұспа-тұс келіп отыр. Әрі, Вьетнамда өткен екінші «Трамп – Ким» саммиті сәтсіз аяқталғаннан кейін Солтүстік Корея басшысының алғаш рет ресми сапар жасауы. Бұған дейін Ким мен Путин арасында кездесу болған емес.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді