Түркіменстанның Балқанабад аймағында банкоматтарда халық кезегі көбейді.
БАҚ өкілдерінің мәліметінше, жергілікті халық қолма-қол ақша таппай отыр. Балқанабадта тұрғындар бір аптадан бері банкоматтар алдында кезекте тұр. Қолма-қол ақша жетпейді. Адамдар айлықтарын шешіп ала алмай жүр. Кезектегі адамдар саны кейде 70-80-ге жетуде.
Банкоматтарда қолма-қол ақшаның жоқ болу себептерін халыққа әлі күнге дейін ешкім түсіндірмеген.
Түркіменстанда мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің айлықтарын бірнеше жылдан бері пластик карталарға аударады. 2018 жылы зейнетақы мен өтемақы да осы жүйеге көшірілген. Бірақ банк карталарынан ақша шешіп алу қиын. Қазір Ашхабад пен облыс орталықтарында 800 манат қана шешіп алуға болады, қалған елді-мекендерде 400 манат алуға рұқсат етілген.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды