Ақтау портына Иран Ислам Республикасының Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік кемелері келді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шамамен 450 теңіз миль қашықтығын құрайтын ирандық «Сепар», «Джушан» кеме экипаждарын Ақтау теңіз портында ҚР Әскери-теңіз күштерінің «Қазақстан» зымырандық-артиллериялық кемесі қарсы алды.
Ресми хабарламада айтылғандай, ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері мен Иран Ислам Республикасы Армиясының Әскери-теңіз күштері өзара тәжірибе алмасып, спорттың әр түрі бойынша жарыстарға қатысады. Кеме экипаждарының экскурсиялары басталады. Сондай-ақ Иран Әскери-теңіз күштерінің экипажы Ақтаудың көрікті жерлері мен мәдени объектілерін аралау жоспарланған.
2017 жылы қыркүйекте ҚР Әскери-теңіз күштерінің «Сары-Арқа» және «Орал» зымырандық-артиллериялық кемелері Иран Ислам Республикасының Бендер-Энзели портына барды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан мен Иран арасында бірнеше сауда-экономикалық және әскери келісімдер жүзеге асып келеді. 22 сәуірде Қазақстанның Ирандағы елшісі Асхат Оразбай Горган облысының басшылары және сауда-экономика саласының жетекшілерімен кездескен болатын. Кездесу екі ел арасындағы сауда-экономикалық, транспорттық байланыстарды дамыту мақсатында өткізілді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді