Сауд Арабиясында 23 сәуір күні терроризм бойынша айыпталған 37 адам өлім жазасына кесілді.
Биліктің ресми хабарламасында оларды "экстремистік және террористік идеология" таратқаны үшін жазаланғаны айтылған. Өлім жазасы елдің бірнеше аймағында жүзеге асқан.
Жазаға кесілгендердің кем дегенде 33-і – шиіттер оның ішінде 11-і 2013 жылы Иранға тыңшылық жасады деген айыппен ұсталғандар деп хабарлады халықаралық Human Rights Watch адам құқықтарын қорғау ұйымы. Қалғандары 2012 жылы Сауд Арабиясы билігіне қарсы наразылыққа қатысқандар.
Осылайша биыл Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілгендер саны 146-ға жетті.
Сауд Арабиясында соңғы рет өлім жазасына кесілгендерді жаппай өлтіру шарасы 2016 жылы болған. Ол кезде билік 47 адамға өлім жазасын қолданған, олардың арасында елге танымал шиіт қайраткері шейх Нимр әл-Нимра да болған. Бұл жағдай исламның шиіт ағымын ұстанатын Иранда жаппай наразылық туғызған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?