Алматы соты Қырғызстан экс-депутатын 10 жылға соттады.
Алматы қалалық соты «шекарадан контрабандалық тауарлар алып өтпек болды» және «трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты» деген айып тағылған Қырғызстан Жоғары кеңесінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекұлын 10 жылға бас бостандығынан айырды. Экс-депутат жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді.
Асылбекұлымен бірге 11 адам сотталды. Олардың қатарында «Жапбасовтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының көшбасшысы Есбол Жапбасов, Мұраділов Ұланбек, Абакиров Шыңғыс, Жаппасов Досбол, Қазақбай Мұхит, Нұрманов Мадияр, Сәуленбаев Санжар, Тыныбаев Мұхит, Қожамқұлов Данияр,Аульбеков Нұрғали және Байгелов Қуаныш есімді азаматтар бар.
Құқық қорғау органдары 2018 жылдың ақпан айында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында арнайы операция жүргізіп, 29 адамды ұстаған. Олардың арасында екі қырғызстандық азамат бар болған. Кейіннен ұсталғандардың бірі сол уақытта Қырғызстан парламентінің депутаты болған Дамирбек Асылбекұлы екендігі анықталған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды