Қазақстан мен Венгрия инвестициялық ынтымақтастықты нығайтпақ. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесуінде мәлім болды
Кездесу барысында Үкімет басшылары экономикалық және сауда келісімін талқылап, алдағы уақыттағы жоспарларды талқылады. Сонымен қатар, дәстүрлі және баламалы энергетика, атом өнеркәсібі және ғылым, қорғаныс-өнеркәсібі кешені, авиация, ауыл шаруашылығы, қазақстандық экологиялық таза өнімді экспорттау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету перспективалары қаралды
Асқар Мамин Қазақстан мен Венгрия арасындағы сенімді қарым-қатынастар экономикалық өзара іс-қимылды дамытуға қолайлы жағдай жасайтынын атап өтті. Өз сөзінде Виктор Орбан: «Біз Қазақстанды елеулі экономикалық нәтижелерге қол жеткізіп жатқан ел деп санаймыз. Екіжақты қарым-қатынас орнатқанымызға өте қуаныштымыз. Венгрия алдағы уақытта да Қазақстанға ашық болып, экономикалық ынтымақтастық мүмкіндіктерін іздеуді жалғастырады»,– деп мәлімдеді.
Айта кетейік, 29 сәуірде Нұр-Сұлтанда 100 мажар кәсіпкерінің қатысуымен Қазақстан – Венгрия Стратегиялық кеңесінің отырысы өтеді. Шарада сауда көлемін ұлғайту және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел